Атырауда Республика күніне орай “Қазақстан – Республикам менің” тақырыбында мерекелік-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихына деген құрметті арттыру.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері ән шырқап, өлең оқып, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ оқушыларға елдік пен бірліктің маңызын ұғындыратын көріністер мен композициялар ұсынылды.
Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, Республика күніне арналған мерекелік бағдарлама жалғасатынын жеткізді.
Ақтілек Базарбаева
#RepublicDay
#25Қазан
#Декларация35жыл
#МеніңҚазақстаным.