Атырауда карантин мерзімі 8 маусымға дейін ұзартылды

Бұл туралы Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев айтты.

"Әлеуметтік желіде Атырау облыстық бас санитарлық дәрігердің кезекті қаулысы тарап кетті.

Бұл қол қойылмаған, дайын емес құжат.

Алайда, дәл қазіргі жағдайда карантин мерзімі 8 маусымға дейін ұзартылатындығын нақты айта аламын. Басқа мәліметтер алдағы уақытта қосымша хабарланады",- деп жазды бас санитар өзінің Facebook парақшасында.⠀

Кейін бас санитар қаулының толық күшіне енгенін хабарлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521