Атырауда үйінен адасып кеткен 87 жастағы кейуана отбасымен қауышты.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қыркүйекте сағат 10:30 шамасында қала тұрғыны 102 операторына аялдама егде жастағы әженің ұзақ отырғанын хабарлаған.
«Полиция майоры Дастан Сағынбаев пен полиция капитаны Ақылбек Жиенғалиев облыс орталығының Атырау шағын ауданындағы аялдамадан егде жастағы әжейді тауып алды. Бірақ, әңгімелесу кезінде 87 жастағы кейуана өзінің есімін де, қайда тұратынын да есіне түсіре алмаған. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің аулалары мен көшелерді аралап, әжейдің тұратын мекен-жайын анықтады. Сөйтіп, үйін таба алмаған әжені аман-есен отбасына жеткізді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.