Атырауда еркін күрестен республикалық ашық турнир өтті

Мамырдың 13-14 күндері Индер ауданы Жарсуат ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ақберен батыр, дауылпаз ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық ашық турнир өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

2010-2014 жылы туған жасөспірімдер қатысқан аталған турнирге Атырау облысынан басқа Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы және көршілес мемлекеттердегі Уфа, Қазан қалаларынан 10 салмақ дәрежесі бойынша 160-қа жуық балуан қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша 26 кг салмақ дәрежесінде индерлік Ниязбай Мухсин, 29 кг-да Атырау қаласынан Исмаил Самиғолла, 30 кг-да құрманғазылық Дастан Сүлейменов, 33 кг-да индерлік Қасымхан Дуатов, 36 кг-да индерлік Нұрберген Амандықұлы, 39 кг-да индерлік Фархат Орақұлы, 42 кг-да БҚО Ақжайық ауданынан Нұрдаулет Капсиков, 45 кг-да Атырау қаласынан Алдамжар Юсуф, 48 кг-да индерлік Мұрат Мади, 48 килограмнан жоғары салмақта Ақжайық ауданынан Қайнар Женисов І орынға ие болды. 

Ал жалпы командалық есепте Индер ауданы І орынды, Атырау қаласы ІІ орынды, Ақжайық ауданы ІІІ орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздары диплом және арнайы дайындалған белдіктермен марапатталды. 

Айта кетейік, осыған дейін турнир 1981-1988 жылдар аралығында өткен болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT