Атырауда егіз балалар 3 қабаттың терезесінен құлап кетті

Соңғы уақытта балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті.

Статистикаға сәйкес, Атырауда жыл сайын терезеден құлау фактісі бойынша 5-6 бала көз жұмады.

2021 жылғы 5 қыркүйек күні Атырау қаласы, Береке шағын ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан 2020 жылы туылған 2 баланың (егіздер) терезеден құлап кету фактісі тіркелді. Оқиға кезінде екі баланың анасы жұмыста, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке орай, пәтердің терезелерінде темір тор орнатылмаған.

Құрметті ата-аналар, жазатайым оқиғадан ешкім қауіпсіз емес!

Негізгі себеп - оңай ашылатын заманауи пластикалық терезелер. Егер мұндай терезе тек москит торымен жабдықталған болса, ол екі есе қауіпті болады! Кішкентай балалар, тіпті бір сәтке қараусыз қалса да, терезеден құлап, қауіпті жарақаттар алады. Мұның себебі – ересектердің абайсыздығы. Терезелерді ашу, кішкентай балалардың қауіпті болуы мүмкіндігін көбісі аңғармайды.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ:

- Пәтердің терезесін ашпас бұрын балаңыздың терезеден алшақ жерде жүргеніне назар аударыңыз.

- Бөлмені желдету үшін форточканы ғана ашыңыз, дегенмен терезені түгел ашатын болсаңыз, 10 см артық ашпаңыз, ол үшін шектеуші құрал қойыңыз.

- Балаңызға үлкендердің қарауынсыз балконға шығуына рұқсат етпеңіз.

- Пәтерде ұйықтап жатырған баланы жалғыз қалдырмаңыз. Сәби оянып кетіп, ашық тұрған терезеге шығып кетуі мүмкін.

- Терезенің алдына жиһаз қоймаңыз. Бұл балаңыздың терезенің алдына шығуын шектейді.

- Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Өз бетінше терезе ашуды қаншалықты кеш үйренсе, соншалықты өмірі де қауіпсіз болмақ.

- Балаңызға терезеден, балконнан далаға қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа да заттарды қойып қарауды үйретпеңіз. Ол сыртқа ұмсына қарап, құлап кетуі мүмкін.

Ең қауіптісі москитты торлар: бала оған сүйенем дегенде тормен бірге құлап кетуі мүмкін, олар бір жастағы баланың да салмағын көтеруге арналмаған.

Егер 5 – 7 жастағы балаңыз үйде жалғыз қалуға қорықса, қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Әдетте, бойын қорқыныш билеген бала ата-анасын қарау үшін терезеден немесе балконнан қарауға ұмтылады.

Ата-ананың балаларына аса көңіл бөліп, көзінен таса қылмауы қайғылы жағдайдың алдын алады. Есіңізде болсын, балаңыздың денсаулығы мен өмірі өз қолыңызда.


Атырау қаласының ТЖБ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT