Атырауда ҮЕҰ - дың қатысуымен « Tazalaiyq» экологиялық акциясы өтті

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен «Tazalaiyq» атты экологиялық іс-шара өтті.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен шара – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық белсенділікті арттыру мақсатын көздеді.

Акция барысында Жайық жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға арналған тренинг өткізілді.

Аталған экологиялық шараны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ ұйымдастырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT