ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаев өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және белсенді жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәсілдері туралы кеңінен ақпарат беру, олардың тиімді тұстарын түсіндіру, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер жөнінде қоғамды хабардар ету болды.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесіндегі жаңашылдықтар мен меритократия қағидаттарын жүзеге асыру тетіктері түсіндіріліп, жас мамандарға берілетін жаңа мүмкіндіктер таныстырылды.
Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттыру мәселелері талқыланды.
Аталған шара аймақтағы жастар мен қоғам өкілдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар туралы толыққанды ақпарат алуына, пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Атап өту қажет, 2025 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдарда 78 бос орынға конкурс жарияланып, 488 үміткер қатысты. Нәтижесінде 71 бос орын білікті мамандармен толығып, конкурсқа қатысу көрсеткіші бір орынға үміткер саны 6 бірлікті құрап, қатысушылардың үлесі 5 есеге артты.