Атырауда бір сағат ішінде 30 мың бөтелке жиналды: тұрғындар «Жасыл ел» акциясын қолдады

Атырауда бір сағаттың ішінде 30 мың бос пластик бөтелке жиналды, деп хабарлайды AtyrauPress Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының бастамасымен кезекті экологиялық шара өтті. Бұл жолы игі іс-шара Еркінқала ауылдық округінде жалғасты. Тұрғындардың және балалардың белсенді қатысуының арқасында небәрі бір сағат ішінде шамамен 30 мың бос пластик бөтелке жиналды.

Акция барысында балаларға таңдау ұсынылды:
    •    10 пластик бөтелке = 1 балмұздақ,
    •    5 пластик бөтелке = 5 дәптер.

Кейбіреулер тәтті балмұздаққа қуанып жатса, енді біреулері жаңа оқу жылы алдында кіші бауырларына дәптер сыйлауды жөн көрді.

Жиналған бөтелкелер бірден қайта өңдеуге жіберілді. Акция соңында қатысушылар спорттық ойындарда бас қосты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT