Атырауда белгілі бизнес-тренерлердің дәрісі басталды

Бүгінде ҮЕҰ өкілдері қоғамның маңызды әлеуметтік салаларында өзекті мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарып келе жатыр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифинг барысында «Green Tall» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі, көшбасшылық қабілеттер бойынша тренер Эмин Аскеров айтты.

Атырау облысында бүгінде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 699 ҮЕҰ тіркелсе, оның 130-ға жуығы белсенді әрекет етіп келеді.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын» деп атап көрсеткен болатын.

Осы мақсатта, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-сі 2021 жылдың 20-22 шілде аралығында аймақтағы азаматтық қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, үкіметтік емес секторды институционалдық дамыту саласындағы заманауи білім беруді ұйымдастыру, ҮЕҰ-ны гранттар мен сыйлықақылар түрінде қаржыландырудың жаңа нысандарын енгізу мақсатында «ҰЕҮ мектебі 2.0» жобасын өткізеді.

Жобаға Атырау облысында тіркелген, белсенді әрекет етуші, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырып жүрген ҮЕҰ өкілдері қатыса алады.

Жоба аясында Эмин Аскеровтен бөлек, бизнес тренер Арай Успаева мен маркетолог Жанболат Изим секілді тәжірибелі тренерлердің дәрісіне қатысып, үш күн бойы пайдалы ақпарат пен керек кеңестер алуға болады.

Жоба соңында әр қатысушыға сертификат табысталады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT