Атырауда барлық ұйымдарға «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеу міндеттелді

Облыс аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандары «Ashyq» қосымшасына қосылуы тиіс – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешева мәлімдеді.

– «Ashyq» қосымшасы қоғамдық көліктерге қосылды. Жаңа құжат бойынша енді барлық мекемелер қала халқын Ashyq арқылы қабылдайды . Сондай -ақ, кәсіпкерлердің ісіне зиян келтірмеу үшін дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты ұзартылды. Ашыққа қатысушыларға сағат 22: 00 -ге дейін, өтінім жетекшілеріне 00: 00 -ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді – деді Әлия Бекешева.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 тамызында Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

FacebookWhatsAppVKTelegramMail.RuOdnoklassnikiTwitter

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT