Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қонақ күту объектілері балалардың қажеттіліктеріне беріледі. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы тапсырма шеңберінде Атырау облысының мемлекеттік органдары балаларға қажетті мүмкіндіктерді зерделеп, зерттей бастады. Бұл нысан алдағы уақытта демалу және сауықтыру орталығына айналады.
Сәйкесінше, мақсаты айқындалғаннан кейін қайта жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары басталады.