Атырауда пилоттық режимде дамуында бұзылу қаупі немесе даму ерекшеліктері бар балалардың отбасыларын ерте қолдау қызметі ашылды. Ерте қолдау қызметінің мамандарына 0-3 жас аралығындағы балалары бар отбасылар жазыла алады, ал басты жұмыс ата-аналарды оқытуға бағытталатын болады.
Ерте қолдау қызметі Атырау қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында ашылды.
«Ерте жастан қолдау – бұл ата-аналар мен балаларға жан-жақты жәрдем, ата-аналарды оқыту арқылы біз балаларға көмектесетін боламыз. Ол үшін біз 3 кеңістікті арнайы ұйымдастырдық – балаларға арналған дамытушы алаң, ата-аналарға кеңес беру және мамандардың жұмысына арналған алаңдар. Мамандар жұмыстарында жоба аясындағы оқу барысында алған білімдерін қолданып, сондай-ақ дамытушы материалдарды пайдаланатын болады. Отбасыларға көмек тегін көрсетіледі», - дейді түзету кабинетінің жетекшісі Айнұр Иманғалиева.
Айта кетейік, ерте қолдау қызметін «Дара» қоры «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында «Шеврон» компаниясының қатысуымен ашты. Компания қолдауымен қызмет қажетті жабдықтармен, дамытушы ойын материалдарымен жабдықталған.
«Әр отбасымен жеке жұмыс жүргізілетін болады: білікті мамандар бағдарламаны баланың қажеттіліктеріне қарай анықтайды. Сәтті нәтижеге жету үшін кешенді жұмыстың маңызы зор: ата-ана мен мамандар бала дамуына өмірінің алғаш сәттерінен бастап көңіл бөлулері керек», - Айнұр Иманғалиева атап өтті.
Ата-аналар ерте қолдау қызметіне егер нәресте құрдастарына қарағанда моториканы баяу игерсе, сөйлеу қабілетінің дамуы артта қалса, агрессияны көрсетсе немесе үнемі жыласа, оның ұйқысы мен тәбеті бұзылған болса, және ата-анасын баласының дамуында бірдеңе алаңдатса және олар баласының даму ерекшеліктерін жақсы түсінгісі келген жағдайда жүгіне алады.
Жаңа ерте қолдау қызметінің мамандары ата-аналарға баласын өмірінің алғашқы сәттерінен функционалды дамытуғаүйрету арқылы отбасыларға көмектеседі. Мамандар қай салада қиындықтар туындағанына байланысты олар үшін қызметтерді таңдайды. Бұл әлемді, қоршаған ортаны тану, қарым-қатынас жасау, еңбектеу немесе жүру, балаға өзін-өзі күту дағдыларын үйрету: тамақтану, қол жуу және басқа да сол сияқты дағдылар болуы мүмкін.
Түзеу кабинетінің деректері бойынша қазір Атырауда кемінде 63 отбасы ерте жастан қолдау мамандарының көмегіне мұқтаж.
Жобаны сонымен қатар ҚР Білім министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі де қолдады. Бұған дейін балаларды ерте қолдау қызметі Өскемен қаласында ашылған болатын. Барлығы жоба аясында Қазақстанның 12 өңірінде осындай 17 қызмет жұмыс істейтін болады.
Ерте жастан қолдау – балаларды қолдау жүйесіндегі жаңа бағыт, мақсаты – баланың дамуында ауытқулар қалыптасу қаупін азайту. Сонымен қатар, кез-келген отбасы, егер ата-аналарды баланың дамуы алаңдатса, ерте қолдау қызметі мамандарының көмегіне жүгіне алады. Ерте қолдау қызметінің мамандары әр балаға назар аударады және жағдайды түсінуге көмектеседі.
Жаңа ерте қолдау қызметі отбасыларды келесі мекен-жай бойынша қабылдайтын болады: Атырау қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, Береке ықшам ауданы, 16-шы көше, 3 (№42 ЖББОМ ғимараты).
Байланыс: Әлия Қағбат, «Дара» қорының PR-менеджері, +7701 619 4229;
Анықтама үшін«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай-газ саласындағы біздің дәстүрлі бизнес бағытымызды дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және жаңартылатын отын түрлері, сутек, көміртекті ұстап қалу, офсеттер мен басқа да инновациялық технологияларды пайдалану сияқты төмен көміртекті бизнес бағыттарын дамыту. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
«Дара» қайырымдылық қоры жетім балалар мен білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, әлеуметтенуге және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бағдарламаларды іске асырады. Қордың жобалары оқыту, балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту, оңалту және мамандық алуға қолдау көрсету сияқты маңызды салаларды қозғайды.
15 жыл ішінде қор 40 000-нан астам балаға көмектесті, 140-тан астам мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қолдады, 30-дан астам жобаны жүзеге асырды.