Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

Өңірде "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтінімдер 20 маусым мен 19 шілде аралығында қабылданады.

Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол Құрман мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бағдарламаға тұрғын үйге кезекте тұрған мынадай санаттағылар қатыса алады: көп балалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы; толық емес отбасы. Ажырасқандар үшін неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі тиіс. Өткен жылы берілген және олар бойынша қарыз алынбаған бағдарламаға қатысушылардың өтініштері биылғы жыл үшін жарамсыз. Бағдарламаның жаңа кезеңіне қатысу үшін олар биыл қайтадан өтініш беруі керек. Өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдері автоматты түрде жасалады. Байқау қорытындыларын otbasybank.kz порталынан көруге болады.

-Өтінімдерді қабылдау процесі автоматтандырылғанын және Банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Өтінім беру үшін алдымен otbasybank.kz порталына кіріп, тіркелу қажет. Содан соң телефон мен аутентификация коды арқылы жеке басын растайды, кейін өтініш беріп, күтеді.

Осы жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша біз болжаммен 250 отбасына несие беруді жоспарлап отырмыз, деді Н.Құрман.

Оның айтуынша, Республика бойынша 51 млрд теңге көлеміндегі қаражат қазірдің өзінде отбасы банкіне түсті. Биылғы жылы бағдарлама қатысушылары арасында лимиттерді бөлу кезінде, сондай-ақ өткен жылы да мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық берілетін болады. Қазіргі уақытта "Бақытты отбасының" арқасында 577 Атыраулық отбасы қоныс тойын тойлады, тағы 34 қатысушы несиелік өтінімдер бойынша мақұлдау алды және тұрғын үй іздеуде. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 162 отбасы өздерінің тұрғын үй мәселесін шеше алды.

Айта кетейік, "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу кезінде азаматтардың табыстары тексерілетін болады. Отбасының әрбір мүшесіне соңғы алты айда олар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген шамасынан аспауы тиіс (2022 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 37 389 теңгеге тең, тиісінше отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табыс 115 905 теңгеден аспауы тиіс). "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуға болады. Қарыз мерзімі 20 жылға дейін.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика