Атырауда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған ірі логистикалық орталық іске қосылды

Атырау облысында ITC WEST агрологистикалық орталығы жұмысын бастады. Жоба өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көкөніс сақтау қоймасының жалпы аумағы – 8 200 шаршы метр. Мұнда 28 сақтау камерасы бар, температура –25°С-тан +25°С-қа дейін реттеледі. Нысан заманауи тоңазытқыш жүйелерімен, микроклиматты автоматты бақылау құрылғыларымен жабдықталған.

Орталық басшысы Бауржан Жолмұхановтың айтуынша, жоба екі жыл бұрын басталған. Мемлекет пен облыс әкімдігінің қолдауымен 15,5 мың тонна өнім сақтауға мүмкіндік беретін қойма салынған. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда баламасы жоқ банан пісіретін арнайы камера іске қосылған.

Логистикалық орталық 30 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда теміржол тармақтары, контейнерлік алаң, автопарк, А санатындағы қоймалар мен өндірістік кешендер орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT