Атырауда ауылдарды медицина мамандарымен қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің 71 білім гранты бөлінді

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов "Айқын" газетінде жарияланған мақаласында жазды.

«Nur Otan» партиясының «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына сай денсаулық пен білім беру сала­сына айрықша көңіл бөлінді. 2021–2025 жыл­дары 10 нысанды күрделі жөн­деу­ден өткізу жоспарланып, биыл 2 дәрігерлік амбулаторияда осындай жұмыстар жүргізілді.

Жедел жәрдем қызметін сани­тарлық автомобильдермен және реаномобильдермен қамтамасыз ету үшін 60 автокөлік сатып алынды. Өңірдің медицина саласын қажетті кадрлармен, соның ішінде ауылдық елді мекендерді жас ма­мандармен қамту үшін облыс әкі­мінің 71 гранты бөлінді. Облыс мектептеріндегі білім бе­ру сапасын арттыру бойынша тың жобаны қолға алдық. «Атырау обл­ы­сында білім беруді дамытудың «2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» әзірленіп, іске асырылуда. Бұл бағытта «Назарбаев зияткер­лік мектептері» дербес білім беру ұйым­дарымен бірлесе жұмыс жүруде" делінген мақалада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT