Атырауда аумақтық қорғаныс бригадасының әскери жиындары аяқталды

Атырауда аумақтық қорғаныс бригадасының әскери жиындары аяқталды (0 Votes) Атырау облысында 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өткен аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен 10 күндік жиындар өз мәресіне жетті.

Шараға 20-45 жас аралығындағы 91 азамат қатысып, әскери дайындықтарын шыңдады. Жиын барысында арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Әскери міндеттілер «бригада бөлімшелерін жұмылдыру және жауынгерлік әзірлікті арттыру, үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру, стратегиялық нысандарды қорғау мен күзету» бағытында тәжірибелік машықтарын жетілдірді. Әскери жиынның соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, үздік нәтижемен көзге түскен азаматтар марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT