Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған есірткі өсімдігін сақтаумен айналысып жүрген күдіктіні ұстады.
- 49 жастағы азамат өзінің пәтерінің шатырында сора өсімдігін сақтаумен айналысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы 1 кг 100 граммды құрады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 1973 ж.т. күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.