Атырауда 30 млн теңге ұрлаған алаяқ ұсталды

№2 Атырау қалалық Полиция бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың мамыр айы мен қаңтар айы аралығында "Грант" бағдарламасы арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін қаражатын алып беремін деп 25 адамды алдап 30 млн теңгені иемденіп алған алаяқты ұстады.

Тексеру барысында ол 1992 ж.т Алматы облысының тумасы екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған дерек негізінде ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT