Атырауда 27 мал ұрлығының беті ашылды

Атырауда «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазіргі кезде мал ұрлығының жасалуына ықпал ететін басты проблемалық мәселенің бірі – ауыл шаруашылығы жануарларының ұзақ уақыт иелерінің қарауынсыз, жайылымдарда ұйымдастырылмай бағылуы. Бұл туралы облыстық полиция департментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Осы ретте, қараша айының 18-20 аралығында мал ұрлығын алдын алуға, оларды жасауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған республика көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Атырауда жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 27 қылмыс ашылды. Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы жануарларының еркін жайылымдардан, қараусыз жүрген жерінен жоғалудың 27 фактісі тіркеліп, олар бойынша жоғалған 70-тен аса мал басы полициямен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде табылып, иелеріне қайтарылды. Сондай ақ, ҚР ӘҚБтК 408-бабы, яғни ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу бойынша 418 әкімшілік хаттама жасақталды.

Фото: ru.freepik.com

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT