Сәби жабық бас сүйек-ми жарақатын алған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Атырау қаласында екі жасар бала көпқабатты үйдің 5-ші қабатындағы терезеден құлаған.
«2020 жылғы 16 маусымда сағат 19:40-да Атырау қаласы Береке ықшам ауданында 5 қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатынан белгісіз жағдайда 2018 жылы туған екі жасар бала құлап кетті. Бала жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.