Атырауда 165 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды  

 

Бұл туралы Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде 164 826,85 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 119 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

- 164 776,85 гектар жайылым, 50 гектар шабындық болса, қалған 3 гектар жер басқа мақсат үшін алынған. Айта кетейік, жер телімінің ішінде өз еріктерімен 164 326,85 гектар қайтарылған, деді Ә.Ермекқали.

Өткен жылы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 201,82 мың гектар жер анықталған болатын. Оның ішінде 17,67 мың гектары шара қолдану нәтижесінде қайта игеріле бастаса, ал 87,08 мың гектар мемлекетке меншігіне қайтарылған еді. Қазіргі уақытта 97,07 мың гектар жер жергілікті атқарушы органмен қаралып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521