Атырауда 153 түлекке облыс әкімінің гранттары табысталды

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев телеграм каналында жазды. 153 түлектің ішіндегі 84-і медицина мамандықтарын таңдағандар.

"Жалпы, 2017 жылдан бастап, 357 студент медициналық оқу орындарында облыс әкімдігінің грантымен білім алып жатыр. Биыл алғашқы 25 түлек оқуын аяқтап, өңірге оралады деп күтілуде. Грант иелеріне қойылатын негізгі талап – оқу орнын аяқтағаннан кейін өңірге келіп, мемлекеттік мекемелерде кемінде 3 жыл жұмыс істеу" деп жазды Жасұлан Бисембиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT