Атырауда 12 көпқабатты үйдің құрылысы тоқтатылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Атырау облыстық департаментіне қарасты басқармасының бастығы Жәнібек Қаражанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ревизиялық комиссия 12 көппәтерлі тұрғын үй құрылысына жұмсалатын бюджет қаржысының пайдаланылуына аудит жүргізген.
Басқарма бастығы Жәнібек Қаражанов:
«Барлығы 50 млрд теңгеден астам қаржыға аудит жүргізілді. 7,3 млрд теңге бойынша заңбұзушылықтар анықталды», – деді. Тексеру нәтижесінде, 12 бюджеттік тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары бойынша өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Сондықтан құрылысты тоқтатуға, ал бюджет қаржысын қайтаруға тура келді.
Сурет:дереккөз