Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, 11 мамыр күні Атырау қаласында карантин режимі толықтай сақталады.
Облыс орталығының периметрі бойынша орналасқан блокпосттар да жұмыс істеуін жалғастырады. Бұрын қабылданған кіріп-шығу ережелері сақталып, жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі.
Бас санитарлық дәрігер тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин ережелерін сақтауды жалғастыруға шақырды.
Қазіргі уақытта Атырау маңына 4 блок-бекет қойылған. Сонымен қатар, Атырау қалалық әкімдігі қоғамдық көліктер қозғалысы туралы хабарлама жасады.
11 мамырдан бастап сағат 17:00-20:00 аралығында 26 бағыт бойынша қаладағы барлық қоғамдық көліктер жұмыс жасайды.
Қоғамдық көліктердің әрі қарайғы жүру кестесі төмендегідей:
таңғы сағат 07: 00-ден 10: 00-ге дейін;
кешкі сағат 17: 00-ден 20: 00-ге дейін.