Атырау-Құрманғазы пойызы қашан жүреді?

Әлеуметтік желіде 16 тамыздан бастап Атырау-Құрманғазы пойызы жүре бастайтыны жөнінде хабарлама тарап жатыр. Рас-өтірігін анықтау үшін біз жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасымен байланыстық, деп хабарлайды ATPress.kz тілшісі.

«Иә, бұл рас. «Otpan Logistic» мекемесі «Атырау-Д.Нұрпейісова атындағы станса» бағытындағы жолаушылар тасымалының тендерін ұтып алды. Биыл 4 тамызда аталған компания мен басқарма арасында келісімшартқа қол қойылды. Бастысы, ұйымдастыру мәселелері шешілді. Ал, пойыздың нақты жүретін мерзімін алдын ала хабарлаймыз» деді басқарма мамандары.

Атап өтілгендей, қазір кесте белгіленді. «Атырау-Д.Нұрпейісова атындағы станса» пойызының құрамында бір плацкарт пен екі жалпы вагон болады. Пойыз тамыздың соңында жүре бастайды. Атырау стансасынан пойыз 16, 17, немесе 18 тамызда жүріп кетуі де мүмкін.

Ләззат СӘЛІМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT