Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы қызметінен босытылды.Бұл туралы ҚазАқпарат Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында Атырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы әріптестеріне ризашылығын білдіріп, өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді», - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, Алимұхаммед Құттұмұратұлы Атырау қаласының әкімі лауызымын 2018 жылдың 28 маусым айынан бастап атқарып келген болатын.

Қала әкімі өз еркімен қызметін тоқтатуына байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін қала әкімінің орынбасары Бауыржанұлы Ринат Жанғылышов атқаратын болады.

Дереккөз:inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521