Атырау перзентханаларына 100 шұлық табысталды

Облыс әкімі аппараты жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен облыстық Іскер әйелдер кеңесінің ұйытқы болуымен Наурыз мерекесі қарсаңында «Екі орам» деген атаумен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шарада шала туған нәрестелердің өмірін сақтау үшін 100 қыз-келіншек пен ақжаулықты әжелер түйенің жүнінен 100 шұлық тоқыды. Акция аясында тоқудан шеберлік сабақтары да өтті.

Тоқылған шұлықтарды Атырау облысы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина мен облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаева облыстық жане қалалық перзентханаға табыстады. Сонымен қатар «Екі орам» акциясы челлендж ретінде өзге де аудандарға жолданды. Мереке қарсаңындағы ерекше тартуға перзентхана басшылығы ерекше алғысын білдірді. Қайырымдылық акция барысында жас өнерпаздар ерекше өнерлерін тарту етті. Сондай-ақ іс-шарада ұлттық сусындар мен дәмді тағамдар ұсынылды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521