Атырау облысының Қызылқоға ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде

Атырау облысының Қызылқоға ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлескен түрде аудан аумағындағы су айдындарының қауіпті учаскелердегі бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні Сағыз ауылының Ноғайты өзені бойындағы қауіпті учаскелерінде 500-ге жуық қапшық топырақ дайындалып, нығайту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 27 наурыздан бастап Миялы ауылдық округінің суға кету қаупі бар қауіпті учаскелеріне 7000-ға жуық дана қап төселді. Бөгеттерге 350 тонна топырақ төгіліп, нығайту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға 350-ге тарта адам (ТЖД қызметкерлері, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары), 10 арнайы техника және қосымша техникалар жұмылдырылды. Қызылқоға ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT