Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Ысқақ Егембердиевті қабылдады

"Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов "Атырау - Ақпарат" медиахолдингінің бас директоры Ысқақ Егембердиевті қабылдады" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қабылдау барысында аймақ басшысы медиахолдингті  дамыту саласында атқарылған жұмыстар, оң өзгерістер үшін медиахолдинг бас директорына ризашылығын жеткізді.

Және Ысқақ Дүйсембайұлының алдағы жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

"Атырау - Ақпарат" 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 12 сайт , баспахана, журнал және Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңын біріктіріп отырған үлкен холдинг.

Пандемияға қарамастан, баспаханадан шығатын тауарлар ассортиментін ұлғайтқан компания өткен жылы табысқа шығып, қызметкерлердің еңбекақысы көтерілген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT