«Атырау - Орал» тасжолында болған жол апаты видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні кешкісін «Атырау – Орал» тасжолында, Бейбарыс ауылына жақын маңда болған.Қатты жылдамдықпен келе жатқан Lada Largus және Нива көліктері соқтығысқан. Көліктер қақтығыстың күшімен жолдың шетіне шығып кетті. Дегенмен ең бастысы, олар аударылмаған және жанбаған. Махамбет аудандық ауруханасының мәліметінше, қос көлікте болған жеті жолаушы түрлі жарақатпен жеткізілген. Оларға тиісті ем-дом мен көмек көрсетіліп жатыр.
Облыстық полиция департаменті толық ақпарат кейін берілетінін жеткізді.
Дереккөз:inform.kz