Атырау облысының бас санитарлық дәрігері тағайындалды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Танауов Мәдениет Рашидұлы Атырау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері басшысы лауазымына тағайындалды.
⠀ Мәдениет Танауов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетін гигиенист- эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық дезинфекциялық станциясының дәрігер эпидемиологі болып бастады.
1999- 2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасында әртүрлі лауазымдарда коммуналды гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері, бөлімінің меңгерушісі, Зеленов аудандық санитариялық - эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері лауазымдарында қызмет атқарды.
2016 жылдың шілде айынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін Орал қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Атырау облысының әкімдігі баспасөз қызметі ⠀