Атырау облысында қызыл кітапқа енген шағала қырылып жатыр

2022 жылдың 26 ​​маусымында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында мекеме инспекторлары құстардың өлу фактісін растады. Құстардың өлу себептері анықталуда.

«Учаскені зерттеу кезінде мыңнан астам Үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам Қылаң қарабас шағала және үш жүз Өгіз шағала өлексесі тіркелді», - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған түрлердің ішінде қарабас шағала Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгені атап өтілді.

«Одан әрі зерттеу үшін өлі шағалалардан (үш қарабас және екі шағала) сынама алынды», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT