Атырау облысында құрылыс саласының үздіктері марапатталды

Құрылысшылар күніне орай Атырау облысында құрылыс саласының қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Аталған іс-шара облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген құрылыс мамандарына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынды Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат  Нұртаев ашып, өңірдегі осы саланың дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға алғысын білдірді.

Шара барысында ел көлемінде және салалық деңгейде еңбегімен ерекшеленген азаматтар түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Алғыс хаты,
  • ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Құрметті құрылысшы» және «Құрметті сәулетші» төсбелгілері,
  • Министрлік тарапынан берілген Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Марапат иелерінің қатарында – еңбек ардагерлері, құрылыс компанияларының басшылары, инженерлер, сәулетшілер және әртүрлі деңгейдегі сала мамандары бар. Олар өңірдегі тұрғын үй құрылысы, жол салу, әлеуметтік нысандарды жобалау мен пайдалануға беру бағыттарында аянбай еңбек етіп келеді.

Шараның тағы бір ерекше сәті – Құрманғазы ауданының ардагерлері атынан Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Талапұлы Нұртаевқа арнайы төсбелгі тағылып, өңірдің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін алғыс білдірілді. Бұл – жергілікті қауымның құрметі мен ризашылығының жарқын белгісі болды.

Шара соңында барлық марапат иелері естелік суретке түсіп, әріптестерінің және облыс басшылығының жылы лебіздері мен құттықтауларын қабылдады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT