Атырау облысында бөгет-бекеттерді айналып өтпек болған азаматтар жауапқа тартылды деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция Департаменті өзінің фейсбук парақшасында.
Азаматтар бұрынғысынша арнайы блок-бекеттерді түрлі амал арқылы айналып өтуге тырысуда. Бұл ретте олар агрессия, қарсылық және полиция өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға дейінгі сан қилы тәсілдерді қолдануда.
2-8 сәуір аралығында полиция қызметкерлері қалаға кіре берісте орналасқан Алмалы, Қара өзек, Бесікті бөгет бекеттері маңайындағы қара жолдар арқылы карантин аймағы шекарасын жаяу кесіп өтпек болған алты азаматты және жеңіл көліктерімен 13 жүргізушіні ұстады.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК «Төтенше жағдай режимін бұзу» - 476 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданады.
Қазіргі таңда заңға бағынбағандар 5-8 тәулік аралығында қамалады.
Кенже САПАР