Атырау облысында 2962 сарбаз тасқынмен күрес шараларына жұмылдырылды

Атырау облысында төтенше жағдай жарияланғалы бері волонтерлер, жергілікті тұрғындармен бірге еліміздің әр өңірінен әскерлер келіп жаға бекіту, қапшыққа топырақ толтыру жұмыстарына жұмылды.

 Соның бірі - Гвардейск гарнизонының әскерлері. “Біздің келгенімізге бүгін төртінші күн. Бұл жаққа келуіміздің басты мақсаты - халыққа қызмет ету, су тасқынының алдын алу. Атырау қаласындағы №36 мектепке орналастық,- дейді Гвардейск гарнизонындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 82796 әскери бөлімінің кіші сержанты Елдар Жәнібеков.

Қазіргі таңда әскерлер өздеріне бөлінген аймақтар бойынша дамбылар тұрғызуда. Олар заттай мүлікпен, медициналық қажеттіліктермен толықтай қамтылған. Әскерилерге ауыр жұмыстан кейін барлық жағдай жасалған.

Айта кетейік,18 сәуірдегі жағдай бойынша, ҚР қарулы күштері, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, ТЖД, полиция құрылымдарын қосқанда облыс бойынша 2962 сарбаз тасқынмен күрес шараларына жұмылдырылып отыр.

Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT