«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 25-мамыр күні Атырау облысына келеді.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – елімізде сәтті жүзеге асып келе жатқан жоба.
Әлеуметтік жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әріптестігі негізінде іске асырылады.
25-мамыр -17 маусым аралығында Атырау облысының бірнеше елді-мекенін аралап, білікті дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.
Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Медициналық пойыздың тұрғындарды қабылдау кестесі:
Құлсары станциясы: 25-28 мамыр
Дина Нұрпейісова станциясы: 29- 30 мамыр
Ганюшкино станциясы: 31 мамыр-2 маусым
Афанасьево станциясы: 3 маусым
Исатай станциясы: 4-5 маусым
Нарын станциясы: 6 маусым
Аққыстау станциясы: 7-8 маусым
Туманное станциясы: 9 маусым
Жамансор станциясы: 10-11 маусым
Мұқыр станциясы: 12-13 маусым
Сағыз станциясы : 14-16 маусым
Медициналық пойыз дәрігерлері өңір тұрғындарын таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды.
Түскі ас уақыты 13.00-14.00.
Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын түрғындар міндетті түрде өзінің және баласының (баласын қаратса) жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруы керек. Медициналық құжаттары болса, қосымша ала келулері қажет.