Атырау облысы тұрғындарының саны 1,5 есеге өсті

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 21 мамаыр күні Үкімет облыс тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, оларды толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге және өңірдің кешенді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жасақтаған болатын.

Президент Атырау халқының қордаланған мәселелерімен танысқаннан кейін, облыстың тәуелсіз Қазақстан экономикасына қосып отырған үлесін ескере отырып, осындай тапсырма берген болатын. Болашақта денсаулық сақтау жүйесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жарақтандыру деңгейін арттыру арқылы, облыс тұрғындарын медициналық қызметтермен қамту, жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімді болуын, онкологиялық науқастарды емдеуге арналған облыстық көпбейінді аурухана мен радиологиялық корпусты қоса алғанда, 16 медициналық нысан құрылысының есебінен өлімді азайту сияқты көрсеткіштерді жақсартуды жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, қазіргі кезге дейін облыс тұрғындарының саны бір жарым есеге (52%) өсіп, халық саны 661 мың адамға жетті. Сондай-ақ өмір ұзақтығының орташа жасы 66-дан 70,5 жасқа ұлғайды, - деді өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг берді.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521