Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Сәдібеков Бахытжан Исламбекұлы Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Б.И. Сәдібеков прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді.
Кезең-кезеңімен Қызылорда облысының, Астана қаласының прокуратуралары және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында лауазымдар атқарды.
Соңғы 4 жылда Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің Бақылау-әдістемелік басқармасының бастығы лауазымын атқарған.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Атырау облысының прокуратурасы