Саясаткер әйелдер клубының төрайымы, Атырау Бизнес және Құқық колледжі директоры Айтиева Нұрлы Тельманқызы кездесу өткізіп, Жолдау бойынша нақты мәліметтер берді. Кездесу офлайн және онлайн форматта өткізілді. Кездесуге іскер әйелдер, қыздар, үкіметтік емес ұйым (НПО) мүшелері, білім саласының қызметкерлері қатысты.
Н.Тельманқызы жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша тоқталып, білім саласына тигізер пайдасы, енгізілетін өзгерістер туралы, сонымен қатар саясаткер, іскер қыздардың жұмысына берер оң нәтижелері туралы талқылап, тоқталып өтті.
Пікір білдіріп, Жолдау бойынша өз ойын жеткізушілер қатарында Атырау Бизнес және Құқық колледжінің педагогы, заңгер Венера Бауыржанқызы және жас маман, экономист Әйгерім Санахметқызы болды. Бұл спикерлер де Жолдаудан соң орындалар жұмыстар, жаңашылдықтар, мәселелерді шешудің нақты жолдары туралы ақпараттарымен бөлісті.