Атырау облысы бойынша 1758 отбасына көмек көрсетілді

Әлемді шарпыған Covid-19 вирусының елімізде де жаппай белең алуы себепті Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен төтенше жағдай енгізілгені дер кезінде қабылданған шешім болды.

Осыған орай Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздегі аса мұқтаж жандарды азық-түлікпен және қаржылай қолдау мақсатында арнайы республикалық «Birgemiz» және өңірімізде «Birgemiz-Atyrau» қоры құрылған болатын.

Елдегі төтенше жағдай әр отбасына оңай тиіп жатпағаны анық, осы тұста Елбасы өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында еліміздегі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығының мемлекет үшін маңызын, оны сақтап, қорғау жолында іргелі істер атқарылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта 1700-ден астам отбасыға 36 миллион теңгеге жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттер байланыссыз үлестіріп, көмектер көрсетілді. Мысалы, Құрманғазы ауданына қарасты, ең шолғай, Асан, Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтеріне кәсіпкерлер көлікпен тегін азық-түлік, балық өнімдері жеткізілді.

Облыс бойынша осындай мұқтаж санатқа жататын 1834 отбасының тізімі жасақталды. Акция аясында 1758 отбасы азық-түлік тағамдары және жеке бас гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Акцияға аймақтың кәсіпкерлері, еріктілері мен мекеме қызметкерлері өздерінің ерекше үлестерін қосты.

Өңіріміздің кәсіпкерлері, партия белсенділері Жұбанов Әділ Орынбасарұлы, Семғалиев Әлібек Аманжанұлы, Розметов Владимир Федорович және басқа да меценаттар, жергілікті маслихаттардың хатшылары Бейісқали Толқын Ермекқызы, Жүгінісов Болат Теміржанұлы сияқты депутаттар жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп келеді.

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен 80 жастан асқан 175 қартқа ыстық тағамдар таратылды.

«Birgemiz» республикалық қоғамдық қорынан «Birgemiz - Atyrau» аймақтық қоғамдық қорына 224,7 млн. теңге қаражат түсті.

Бүгінгі күні Атырау қаласының мұқтаж 4495 азаматтарға 50 мың теңге мөлшерінде тікелей аудару арқылы ақшалай көмек көрсетілді.

Енді Атырау қаласы бойынша 6017 мұқтаж азаматқа қаржылай көмек көрсету жоспарлануда.

Біржолғы қаржылай қолдау өте мұқтаж, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, I топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүмкіндігі шектеулі баланы күтуші отбасыларға, базалық және минималды көрсеткіште зейнетақы алушы зейнеткерлерге, толық жетімдерге көрсетілетін болады.

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік, денсаулық сақтау саласының мамандары, өз денсаулықтары мен отбасылары қауіпсіздіктерін тәуекелге тігіп, күндіз-түні қызмет етуде. Дәрігерлер бүгінгі күннің қаһармандары, олардың еңбектері өлшеусіз және жоғары бағаға ие. Денсаулық сақтау саласының мамандары қазіргі таңда атқарылып жатқан қызметтері үшін мемлекеттік деңгейде ынталандырылатын болады.

Қазіргі таңда облыста қауіпті кеселдің алдын алу бойынша тиісті іс-шаралар кешенді түрде жүзеге асырылуда. Біздің қоғамымыз індетті жеңіп шығу үшін бірлік пен тәртіптің озық үлгісін көрсетуде, бұл біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ екенінің дәлелі.

Осы орайда күллі мұсылман халқын татулық пен бірлікке шақыратын, ерекше орны бар Рамазан айы санамызға сүйеу болары сөзсіз. Сонымен қатар, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, ерен ерлікпен келген 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні халқымызға құт ала келсін.

Н.Ожаев,

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы

Төрағасының бірінші орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT