Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткізген актив жиналысында белгілі болды. Әкімнің орынбасары Айбек Крамбаев қызметінен өз еркімен босату жөнінде өтініш жазған.
Айбек Крамбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына былтырғы ақпанда тағайындалған еді. Ол кәсіпкерлік, инвестиция тарту, мұнай-газ секторы, соның ішінде қазақстандық мазмұн және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік еткен болатын.