Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің келісімімен Таубаев Нұрлан Бақтыбайұлы тағайындалды.Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа орынбасарын облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында таныстырды.

Таубаев Нұрлан Бақтыбайұлы 1976 жылы 26 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын тау-кен геология инженері, Қазақстандық экономика және құқық институтын заңгер және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Атырау қаласында «Экспресс-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметінен бастаған.  1998-2000 жылдар аралығында «Денсаулық» және «Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры болған. 2000-2006 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы,2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқармасының басшысы,2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының басшысы.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының басшысы, 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы, 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы,2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы,

2018-2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сонымен қатар 2008-2012 жылдары Атырау облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін қоғамдық негізде атқарған.

Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы.

Бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Шапкенов Серік Жамбылұлы басқа қызметке ауысуына байланысты өз өтінішімен қызметінен босатылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT