Атырау облыстық «AMANAT» партиясы депутаттық  Фракциясының бірлескен отырысы Махамбетте өтті

Фото: zh-shugylasy.kz

Фракцияға облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Семғалиев төрағалық етті. Күн тәртібінде Махамбет ауданы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасы «Жол картасының» орындалу барысы туралы мәселе қаралады.

Аталған мәселе бойынша аудан әкімі Қ. Нұрлыбаев баяндады.

-Сапалы жұмыс орындарын құру бағыты бойынша жыл басынан бері 1400 жас орталыққа хабарласып, қысқа мерзімді курсқа 6 жас, бастау бизнес бойынша 105 жас, ұрпақтар келісім шарты 2 жас,  мемлекеттік грант 5 жас, тұрақты жұмысқа 348 жас, әлеуметтік жұмыс орнына 19 жас, жастар практикасына 90 жас, қоғамдық жұмысқа 110 жас, алғашқы жұмыс орнына 10 жас жолданды. Ал Ұлттық жоба шеңберінде жыл басынан бері 2148 адам орталыққа хабарласып, қысқа мерзімді курсқа 14 адам (ТШО), бастау бизнес бойынша 173 адам, ұрпақтар келісім шарты 2 адам, мемлекеттік грант 14 адам, тұрақты жұмысқа 759 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 53 адам, жастар практикасына 72 адам, қоғамдық жұмысқа 429 адам, алғашқы жұмыс орнына 10 жас, күміс жас бойынша 55 адам, онлайн оқу бойынша 175 адам, 2,5 пайыз кредит бойынша 13 жас, кәсіптік бағдарлаудан өткен 817 адам. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде 13 жас маман жолданды. 3 маманға көтерме жәрдемақы (1 маманға – 345 мың теңге), 1 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит (5 175 000 теңге) табысталды, -деді Қ.Нұрлыбаев. Аудан әкімі одан әрі  «Бизнес-Аймақ» бағдарламасы шеңберінде 15 жұмыс құрылғанын, жас кәсіпкерлерге 2,5% жеңілдікпен несиелер беру бойынша 12 жас жеңімпаз атанғанын атап өтті. Бұдан бөлек халықтың өмір сапасын арттыру, өмір сүру жағдайларын жақсарту, сапалы сумен және газбен қамтамасыз ету, қауіпсіздікті сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Тақырыпқа орай сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты С.Идрисов әкімнің баяндамасынан өткен жылы көптеген жұмыстар атқарылғанын байқағанын, алайда жастарды жұмыспен қамтуды әлі де көбейту қажеттігін айтты. Бұған қоса туризмді дамыту, Сарайшықты туризм орталығына айналдыру бойынша ойын ортаға салды.

-Атырау қаласына келген меймандарды ең алдымен Сарайшыққа алып келеміз. Сондықтан ол жерде шеттен келген адамдарға көрсететіндей құндылықтарымыз болуы керек. Түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажет. Сарайшықта «Қазынатал» деген керемет демалыс орны бар. Қазір су тартылып кеткендіктен күйі кетіп тұр. Менің ойымша осы жерді үлкен жобаға айналдыруға болады. Атырау университеті сол аймақтан 30 гектар жерді алып отырмыз. Ондағы ойымыз сол жерді игеріп, жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті халықты жұмысқа тарту. Осы жобамызға аудан әкімдігігі тарапынан бірлескен қолдау күтеміз. Жалпы айтайын дегенім Сарайшық біздің брендіміз болуы керек. Келген адамдарға естелік ретінде берілетін монеталар, значоктар, сувенирлер жасау жұмыстары ұйымдастырылса. Тағы бір айта кетер жайт Жайық өзенінің Махамбет ауданына қарасты бөлігінің тамаша табиғаты бар. Сол табиғатты суретшілеріміз неге тамылжытып салмасқа. Жайықтың жағасынан суретшілер симфозиумын жасауға да болады. Президентіміздің ұлттық құрылтайды Сарайшықта өткізгелі отарғанының өзінде үлкен мән жатыр. Сондықтан осындай жұмыстарды бірлесе қолға алсақ,-деді С.Идрисов. Ұсынысқа орай жауап берген аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев Сарайшықта туризмді дамыту бағытында көптеген жаңа жобалар қолға алынып жатқанын айтып, бірлескен іске қашанда қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.

Жиынды қорытындылаған фракция төрағасы осы отырыстың қорытындысымен хаттамалық шешім шығатынын және оның орындалысын жүзеге асыру үшін құзырлы мекемелерге жолданып, депутатық бақылауда болатынын айтты.

Б.Сүлейменқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521