«Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы лауазымына Мақсым Ізбасов сайланды»,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл мәселе облыстық қоғамдық кеңестің отырысында қаралды. Кеңес мүшелері Ағиба Қатешева мен Ерболат Дәулетқазиев өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын енгізді. Ашық дауыс беру қорытындысымен Мақсым Ізбасовтың кандидатурасы қолдау тауып, төрағалыққа сайланды.
Ізбасов Мақсым Шафихұлы – өңірге танымал тұлға. Ұзақ жылдар мұнай-газ саласында еңбек етіп, басшылық қызметтер атқарған, Жылыой ауданының әкім болған. Қызылқоға және Жылыой аудандарының Құрметті азаматы. Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облыстық қоғамдық кеңесін басқарған Мұрат Өтешев облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.