Атырау мұнай өңдеу зауытының булану алаңдарында Қызыл кітапқа енген құстар тіршілік етеді

Атырау мұнай өңдеу зауытында Tazalyq жобасы аясында ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау жұмыстары аяқталып келеді.

Реконструкция нәтижесінде тазарту қуаты екі есе артып, сағатына 1 000 текше метрге жетеді, ал  мұнай шламын өңдеу көлемі  айына орта есеппен 12 000 текше метрді құрайды деп күтілуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорында ағынды суларды мұнай өнімдерінен тазарту тиімділігі 83%-ға жетті. Тазартылған судың бір бөлігі зауыттың өндірістік қажеттілігіне жұмсалып, нәтижесінде Жайық (Урал) өзенінің суын пайдалану көлемі 9 %-ға азаймақ.  

Бұдан бөлек, Tazalyq жобасы аясында АМӨЗ булану алаңдарын рекультивациялау жұмыстарын да іске асыруда. Механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау және ағынды сулар сапасының артуы нәтижесінде аталған алаңдарындағы экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды. Мұнда түрлі тіршілік иелері мекендейді. Құстардың бірнеше түрі, соның ішінде Қызыл кітапқа енген аққулар мен қоқиқаздар ұя салуға ұшып келеді. 

Сонымен қатар су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында АМӨЗ ағынды суларды қосымша тазарту қондырғысын салуды жоспарлауда. Жобаны іске асыру Жайық өзенінен су алу көлемін жылына 5 млн.текше метрге дейін азайтуға, ағынды суларды қайта пайдаланып, ағызу көлемін 70%-ға дейін төмендетуге, ал үстерлеме су сапасын нормаландырылған көрсеткіштерге жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорын өзеннен жылына шамамен 8 млн.текше метр су алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT