Атырау қаласында "Tour de Saraishyq 2025" велошеруі өтеді!

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен "Visit Atyrau" туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 13 қыркүйек күні Атырау қаласында ауқымды спорттық және туристік шара – "Tour de Saraishyq 2025" велошеруі өтеді!

Бұл ерекше велошеру Еуропа мен Азияны байланыстырып, қала көшелері арқылы өтеді. Осы арқылы қатысушылар екі құрлықтың тоғысқан жерін ерекше сезініп, Атыраудың тарихи және мәдени болмысын тамашалай алады. 
Велошерудің негізгі мақсаты:
•    Туризмді дамыту және өңірдің туристік әлеуетін арттыру;
•    Атыраудың бай тарихы мен мәдени мұрасын кеңінен көрсету;
•    Салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді демалысты қолдау.

Басталу орны: Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
Мәре: "Infinity Mall" сауда-ойын сауық орталығы
"Tour de Saraishyq 2025" – бұл жай ғана велошеру емес.
Бұл – Атырау тарихына жасалатын ерекше саяхат, өңірдің рухани құндылықтарын танып-білудің тамаша мүмкіндігі!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT