Атырау өңірі «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясына атсалысуда

Бүгінде қоғамның ең өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі — отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы. Бұл тек жеке адамдардың немесе отбасының емес, жалпы қоғамның әл-ауқаты мен тұрақтылығына әсер ететін фактор. Осыған байланысты елімізде қолданыстағы заңнама аясында құқықбұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жәбірленушілердің құқығын қорғау бойынша кешенді шаралар қолданылуда. 

.Атырауда жыл басынан полиция қызметкерлері тарапынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында бірқатар профилактикалық және құқықтық іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін ӘҚБТК-нің 73-бабымен 2295 дерек тіркеліп, тиісті шаралар қолданылды. Осы кезең аралығында 1951 қорғау нұсқамасы шығарылып, 458 тұлғаға қатысты ерекше талаптар белгіленді. Қазіргі уақытта ҚР ІІМ ұйымдастырылуымен Ұлттық комиссияның қолдауымен 20 сәуір - 20 маусым аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында республикалық «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты акция өтуде. Бұдан бөлек, отбасы-тұрмыстық саласында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және анықтау мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу акциясы өткізілді. Сондай-ақ, «Өз бейнең» атты әйелдерге арналған тренинг, ерекше бақылауда тұрған тұлғалармен жеке әңгімелесулер, қоғамдық қабылдау және құқықтық кеңес беру шаралары мен мекемелерде түсіндіру кездесулер ұйымдастырылады. Бүгінде департамент ғимаратында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы агрессорлармен жұмыс істейтін психологиялық бөлме жұмыс істеп тұр. Айта кету керек, Атырау облысы полиция департаменті Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және дағдарыс орталықтарымен бірлесе отырып, зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және құқықтық көмек көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

 

Атап айтқанда, 2656 адам 102 арнасына хабарламалар келіп түсті. Бүгінгі таңда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел адамдарға көмек көрсету үшін Дағдарыс орталығы жұмыс жасауда жыл басынан бері тұрмыстық салада зорлық-зомбылық көрген әйел азаматшаларды және олардың жасөспірім балаларына көмек көсетілуде. Мәселен, қазіргі уақытта дағдарыс орталығында 3 әйел, 7 бала көмек алуда. Осы ретте, Атырау облысы ПД Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері азаматтарды отбасындағы қандай да бір зорлық-зомбылық фактілерін жасырып қалмауға, құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар беруге шақырады. Себебі әрбір жағдай – адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіруі мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT