Атырау - Индер тас жолының 27 шақырымы уақытша жабылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Оқиға орнынан жағдайды баяндаған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың хабарлауынша,
"Атырау  - Индер"  тас жолының 27 шақырымында шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүруде.

"Талдыкөл ауылын  газбен қамтамасыз етіп тұрған құбырының айналасына өр суы таралып, салдарынан топырақ пен трасса опырылып кетті. Зардап шеккендер жоқ.
Газ құбырының бүлінуі, газ тарау фактілері тіркелген жоқ.  Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары қазіргі уақытта жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды.
Жол бүгін, яғни, 17 мамыр кешкі уақытына дейін толық қалпына келтіріледі"- деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

27-28 шақырым аралығында автокөлік жүргізушілеріне айналма жолмен жүруге мүмкіндік бар.

Атырау қалалық полиция басқармасы Жол жүру техника инспекциясы қызметкерлері жолдағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT