Атырау қаласына кіру және шығу толық шектелді

Бүгін, 2 сәуірде тосқауыл бекеттерінен өтуге рұқсаты бар автокөліктер ғана өте алады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің хабарлауынша, карантин кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қала бойынша белгіленген уақытша шектеулерге - 674 қызметкер, 68 автокөлік жұмылдырылған. Оның ішінде ішкі істер органдарының 500 қызметкері, Ұлттық ұланның 94 әскери қызметшісі, Қорғаныс министрлігінің 80 қызметкері бар.

Ал, қаланың шығу жолдарында ұйымдастырылған төрт блокпосттың жұмысын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының 48 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 56 қызметкері және 12 арнайы автокөлік жұмылдырылды.

- Прокуратура құрған мобильдік топтар бұрынғысынша қала аумағында төтенше жағдай режимін бұзу фактілерін анықтайтын болады. Осыған орай, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарды карантиннің барлық шарттарын сақтауға шақырамыз, - деді Атырау қаласының прокуроры қала тұрғындарына.

Айта кетейік, 30 наурыздан бастап Атырауда карантин жарияланған болатын, сәйкесінше атыраулықтарға үйден себепсіз шығуға тыйым салынған. Сонымен қатар, жеке және қызметтік көліктерді пайдалану шектелген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT