Атырау әкімдігі өз бағасынан 4 миллионға қымбат аппаратты алудан бас тартты

Бұл үкімет резерві есебінен сатып алынатын құрылғылардың бағасынан 50 пайыз қымбат.

2020 жылдың 21 шілдесінде ҚР Қаржы министрлігінен Атырау облысының әкімдігіне елдегі медициналық ұйымдарға жасанды желдету аппараттарын сатып алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлініп жатқаны туралы ақпарат түседі. Онда әрқайсысы 8 миллион 900 мың теңге тұратын 63 жасанды желдету аппаратын Атырау облысына жеткізу жоспарланған. Ал, «ОралМедРегион» ЖШС-нің Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісімшарты бойынша әр жасанды желдету аппаратының құны - 13 миллион 285 мың теңгені құрайды.

Жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша жалпы сомасы 597 миллион 825 мың теңгеге 45 аппаратты сатып алу жоспарланған. Бір жасанды жеделдету аппараты бағасының айырмашылығы - 4 миллион 385 мың теңге. Яғни бұл үкімет резерві есебінен сатып алынатын құрылғылардың бағасынан 50 пайыз қымбат. 8,9 млн теңгенің 45 жасанды желдету аппаратын сатып алу бюджет қаржысынан 197 млн 325 мың теңге үнемдеуге, оған қосымша 22 сондай аппарат алуға мүмкіндік береді.

Қаржы министрлігінің жоғарыда көрсетілген ақпаратын алғаннан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайларды ескере отырып, "ОралМедРегион" ЖШС-нің қазынашылық органдарда 2020 жылғы 21 шілдеде тіркелген келісім-шартты бұзу туралы хат жолдады.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика